Павлодарда екі тәртіп сақшысына қомақты айыппұл салды

Оқиға бір жыл бұрын орын алған. Жігітке телефон ұрлаған досы жала жапқан. Іс материалдары бойынша полицейлер күдіктінің әкесіне хабарласып, қылмыстық жауапкершіліктен құтқаруға сөз беріп, ақша сұраған. 

 

- Ер адам олардың айтқанына сеніп өзінің әжесі мен анасынан қарызға 140 мың теңге алған. Себебі тәртіп сақшылары одан жедел түрде 200 мың теңге әкеп беруді талап екен, - Павлодар қалалық №2-сотының судьясы Айгүл Ахметова.

 

Оқиға Кемеңгер ауылында болды. Телефон ұрлады деген күдік ауған жігіттің әкесі полицейлердің бірінің көршісі болғандықтан жақсы таныған. Ең бірінші 140 мың беріп алып, сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметіне арыз жазған. Ал соманың қалған бөлігін жедел мамандармен бірге берген.

 

- Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі ақшаны арнайы химиялық ерітіндімен яғни қара сиямен пара деп жазып, ұнтақпен өңдеді, - деді Айгүл Ахметова.

 

 

Нәтижесінде сот үкімімен полиция капитанына 3 миллион 400 мың, майорға 2 миллион 550 мың теңге айыппұл салды. Екеуіне де өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салып, лауазымдарынан айырды.