• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодарда электр кернеуіне түскен құс өрттің туындауына себепкер болды

Павлодарда электр кернеуіне түскен құс өрттің туындауына себепкер болды

 

 

Павлодарда Аққулы мен Бесқарағай ауылдарының аралығындағы жол бойы өртенді дейді irbistv.kz тілшісі облыстық ТЖД сілтеме жасап.

 

Оқиға орнына өрт сөндірушілер, ерікті өрт сөндіру бөлімдері барды.

 

-60 шаршы метр аумаққа таралып үлгерген жалын жедел түрде жойылды. Мамандар анықтағандай, өрттің шығуына кәдімгі дала құсы себепкер болған. Құс жол бойындағы электр желісіне қонып, кернеу салдарынан құс өртеніп, жерге құлаған. Жол бойындағы құрғап тұрған қалың шөп лап ете қалған. Әдетте электр тогымен жанасқанда құстардың қауырсындары тез тұтанады,- деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментінде.

 

Фото: облыстық ТЖД