• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодарда электр құралдарын ұрлаған қылмыстық топқа сот үкімі шығарылды

Павлодарда электр құралдарын ұрлаған қылмыстық топқа сот үкімі шығарылды

 

 

Олар 90 миллион теңгеден асатын соманы қолды қылған дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Сот үкімінде 35 жастағы ер адамның тарату және трансформаторлық қосалқы станцияларды тонау үшін қылмыстық топты ұйымдастырғаны көрсетілген. Ол сол уақытта қауіпсіздігі төмен мекемеде жазасын өтеп жатқан, бірақ сол жерден кетіп қалған. Тергеу нұсқасы бойынша қаскөй соңғы 4 істі Алматының түзеу мекемесінде жатып жетекшілік еткен.

 

Жабдықтарды Павлодардан, Екібастұздан және Щучинск қалаларынан ұрлаған. Қылмыстық әрекет 2022 жылдың қыркүйегі мен 2023 жылдың наурызы аралығында жасалған. Сотта айыпталушылар бірге әрекет еткендерін жоққа шығарды. Алайда, ұсынылған айғақтар кінәні дәлелдеуге жеткілікті болды.

 

Нәтижесінде ұйымдастырушыға 8 жыл бас бостандығынан айыру үкімі кесілсе, ал екінші айыптыға 7 жыл тағайындалды. Бұл ретте, тергеу барысында полицейлер ұрланған заттардың бір бөлігін тауып, иелеріне қайтарды. Ұрыларға қалған 70 миллион теңгеден астам шығынды өтеу міндеттелді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.