Павлодарда енесі мен күйеуі әйелді үйде өздері босандырып алған

 

 

103 қызметіне хабарлама 26 сәуір күні таңғы 5-те келіп түскен. Ер адам 30-жасар әйелі жайлы жеткізіп, жедел жәрдем бригадасы жөнелтілді дейді irbistv.kz

Диспетчерлер әйелдің жұбайына және енесіне телефон арқылы босандыру бойынша нұсқама беріп, көмек көрсеткен. Бұл әдісті «қоңырауда ұстап тұру» деп атайды.

- Бригада 10 минутта келіп жетті. Оған дейін әйелдің күйеуі мен енесі өздері босандырып алған. Дүниеге үш келі салмақтағы қыз келген, бойы 51 сантиметр. Нәрестені жылы киімге орап, анасымен бірге облыстық перинаталды орталыққа жіберілді,- деді облыстық жедел жәрдем баспасөз қызметінде.