Павлодарда ер адам автобус жүргізушісін соққыға жықты

Қала көшесінің бойында жеңіл көлік жүргізушісі автобусты басып озғысы келіп, салдары кикілжіңге әкелген. Нәтижесінде ер адам қоғамдық көлік тізгініндегі азаматты далаға шығарып алып, соққыға жыққан дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Оқиға бейнесі Павлодарлық әлеуметтік желі парақшаларында тараған. «Toyota Estima» жүргізушісі қоғамдық көлікті басып озғысы келіп, қыспаққа алған.

 

-Автобус жүргізушісі оған жол бере алмады, себебі басқа жақта көліктер тұрды. Нәтижесінде «Toyota Estima» ішінде отырған адам автобусты артынан қуып, ақыры жүргізушіні далға шығарып алды. Бірнеше рет соққы жасады. Автобус жүргізушісі жауап қайтармай, өзін салмақты ұстады. Жағдай бұнымен аяқталмай, кейін жеңіл көлік иесі қайта келіп, автобусқа ауыр заттарды лақтырып, өзінің ашулы екендігін тағы көрсетті. Қоғамдық көлік ішіндегі балалар, қариялар, барлық жолаушылар қорқып отырды, -деп жеткізді оқиғаның куәгерлер.

 

Полиция желіде тараған бейне бойынша, ер азаматты анықтау басталғанын хабарлады.

 

-Аталмыш факт бойынша тексеріс жүргізілуде,-деп мәлім етті облыстық полиция департаментінде.

 

 

Фото: Freepik.com