• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодарда ер адам ажырасқым келеді деген әйеліне пышақпен тап берген

Павлодарда ер адам ажырасқым келеді деген әйеліне пышақпен тап берген

Жапа шегушінің айтуынша ол күйеуімен екі жыл бірге тұрған. 2022 жылдың соңында ажырасқысы келетінін айтқан. Әйел бұл оның маған тап беруіне себеп болды дейді. Артынан келіп, желкесінен пышақпен ұра бастаған. Келіншегінің телефонмен сөйлесіп жатқанда мені өлтіргелі жатыр деп біреуге айтып жатқанын түсінген соң, қашып кеткен.

 

-ҚР ҚК 106-бабы 1-бөлімі бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды,-дейді Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Нұрлан Қайырбеков.

 

Қылмыстық істі сотта адам өлтіруге әрекеттену дерегі бойынша қарады. 31 жастағы ер адам әйелін пышақпен бастан ұрғанын мойындады. Ал қорғаушыларға бапты денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бабына ауыстыру керектігін дәлелдеу мүмкін болды. Және судья оған келісті.

 

-Сотталушыға пышақ жарақатын салуға ештеме кедергі болмады. Өзі тоқтаған. Ол денесінің басқа тұсына да пышақ салуы мүмкін еді. Жапа шегушінің жауабы бойынша ол қарсылық көрсетпеген, қашуға тырыспаған. Сотталушының адам өлтіретін мүмкіндігі болған,-деді Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Нұрлан Қайырбеков.

 

Сот ер адамды жапа шегушіге 5 миллион теңге моральдық шығын төлеуге міндеттеді. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Әйел өзінікіне қол жеткізді. Бүгінгі таңда ол сотталушымен ажырасып үлгерген.