Павлодарда ер адам көше бойында мылтыққа ұқсас затпен жүрген

 

Естай мен Назарбаев көшелерінің қиылысындағы жол бойында қолында мылтыққа ұқсас зат ұстап жүрген азамат бейнесі желіде тараған дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Орталық көшелердің бойымен белгісіз зат ұстаған азаматтан тұрғындар қорқып, бейне астындағы пікірлерде өздерінің алаңдаушылықтарын жеткізді. Тәртіп сақшылары, азаматты тоқтатып, тексерік жүргізді.

 

Осылайша, полицейлер ешқандай қауіп жоқ екендігін анықтады, ер адамның қолында бейнекамераның штативі болған.