Павлодарда ер адам мас күйде рөл тізгінінде ұсталды

Авто иесінің көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.


Павлодар қаласында Камзин көшесінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Volkswagen Passat автокөлігінің жүргізушісін тоқтатты.

 

-Құжаттарды тексеру барысында полицейлер жүргізушінің мас күйінде екенін байқаған. Медициналық куәландыру нәтижелері олардың күдігін растады – ер адам орташа дәрежеде мас болған. Деректер базасын тексеру кезінде, бұл азаматтың бұған дейін, 2020 жылдың қыркүйегінде, жүргізуші куәлігінен жеті жылға айырылғаны анықталды, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінде.

Тек демалыс күндері ғана облыс полицейлері жол қауіпсіздігіне қатысты 1488 құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде 14 жүргізуші мас күйінде көлік басқарған.