Павлодарда ер адам темекі бермеген қыздың жағын сындырды

37 жасар қала тұрғыны Хромзауыт ауданында бейтаныс әйелден шылым сұраған. Ол бас тартады. Жауап көңілінен шықпаған жігіт бойжеткеннің аузынан үш рет ұрады. Салдарынан қыздың жағы сынып, ауруханаға түскен. Оқиға өткен жылдың жазында орын алды. Полицейлер күдіктіні тауып, денсаулыққа қасақана орташа ауыр зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс ашқан. Істі сотқа дейін жеткізді. Бұзақы өзі кінәсін мойындап, прокурормен келісімге келген. Оған қоса ер адам велосипед ұрлағаны үшін де сотталды. Екі құқық бұзушылығы үшін бір жарым жылға бостандығын шектеді.