Павлодарда ер адам өгей қыздарына зорлық көрсетіп, ВИЧ жұқтырған
Қылмыс 2025 жылдың желтоқсанында жасалған. Ал бүгін айыпталушыға үкім шығарды деп хабарлайды irbistv.kz. Оны өмір бойына бас бостандығынан айырды.
Тергеу нұсқасы бойынша павлодарлық 2018 жылы екі қызы бар әйелмен тұра бастаған. Екі қыздың ақыл кемістігі болған. 2025 жылдың желтоқсанында анасы қыздарын өгей әкесіне тастап, шаруаларымен шығып кеткен. Ол ішімдікке тойып алып, 10 жастағы қызын зорлаған. Олан соң 11 жастағы екінші қызға зорлық көрсеткен. Кейін ер адамнан ВИЧ анықталды.
-Қылмыстардың жиынтығы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 58-бабының 4, 5-бөліктеріне сәйкес түпкілікті жаза ретінде педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазаны өтеу қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздік мекемесінде белгіленсін, - деп мәлімдеді Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы Жанна Ныгыбаева.
Қылмыстық істі екі бап бойынша қарап, сот оны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

