Павлодарда есірткіге мас жүргізуші ұсталды



Қаланың орталық көшесінде кетіп бара жатқан көлік тізгініндегі ер адамның жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Оқиға Н. Назарбаев даңғылында орын алды. Полиция қызметкерлері Lexus көлігінің жүрісіне көзі түсіп, оны тоқтатып, тексеруді жөн санады.

 

Әңгіме барысында жүргізуші өзін дұрыс ұстамады, сұрақтарға нақты жауап бермеді. Медициналық куәландыру есірткіге мас болғанын көрсетті. Сондай-ақ жүргізуші 2023 жылдың қазан айында жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды. Қазір автокөлік арнайы тұраққа қойылды, – деді Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальоны командирінің міндетін атқарушы Руслан Әлиасқаров.

 

Жыл басынан бері мас күйінде көлік құралдарын жүргізген 1175 жүргізуші жауапкершілікке тартылған екен.

 

Фото: Freepik.com