Павлодарда есірткімен ұсталған жігіт 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Павлодар облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері жедел топпен бірге Заслонов көшесінде жас жігітті тоқтатты. Тінту барысында одан есірткі партиясы табылды. Енді күдіктіге 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы төніп тұр, деп хабарлайды irbistv.kz.
– Аталған факті Павлодар қалалық полиция басқармасының СДТБТ-да тіркелді. Есірткі, психотроптық заттарды, солардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, – деп хабарлады Павлодар облысы бойынша ҚАЖД.
Тәркіленген есірткі сараптамаға жіберілді, оның нәтижелері бойынша процесуалды шешім қабылданады.
Фото: Павлодар облысы ҚАЖД
