• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодарда есірткіге мас болған көлік жүргізушісіне сот үкімі шығарылды

Павлодарда есірткіге мас болған көлік жүргізушісіне сот үкімі шығарылды

 

 

Павлодар тұрғыны анаша шегетін адамдар ортасында болып, сол жерде тыныстап қоюы мүмкін екенін айтып ақталды дейді irbistv.kz тілшісі.


Павлодар тұрғыны Олжабай Батыр-Генерал Дүйсенов көшелерінің қиылысында есірткілік масаң күйде көлік құралын басқарып, ағымдағы жылдың тамыз айында полиция қолына түскен еді. Кейін материалдар сотқа дейін жеткен.


-Сот отырысында азамат құқық бұзушылықты жасаудағы кінәсін ішінара мойындап, анаша шеккен адамдардың ортасында болғанын түсіндірді. Өзі көптен бері есірткілік заттарды қолданбайды. Үйінің кіреберісінде анаша шегетін адамдар барын, сол жерде тыныстап қоюы мүмкін екенін айтты. Алайда, мединциалық куәландыру қорытындысына сәйкес, нарколог-дәрігер каннабиноидтарды қолданудан туындаған есірткілік масаң күйін анықтады,-деп делінген сот материалдарында.

 

Нәтижесінде Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында үкім шығарлды.

 

-Сот азамат Б.-ны ӘҚБтК 608-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза тағайындады,-деп жеткізді Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты баспасөз қызметі.


Айту керек, сот қаулысы заңды күшіне енді.

 

Фото: Freepik.com