Павлодарда есірткінің ірі партиясын таратумен айналысқан 16 жасар жігіт ұсталды
Синтетикалық есірткі заттарын ірі көлемде таратумен айналысу күдігімен ұсталған жігіт осы күні қамауға алынған деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.
16 жасар жігіт қылмыстық жолға ағымдағы жылдың мамыр айында түскен көрінеді.
Оған өзге нұсқаушыдан қаптамалар туралы ақпарарт беріліп, жас жігіт 223 грамм синтетикалық есірткіні алып кеткен. Кейін тиым салынған заттарды кішірек орамдарға бөліп, қаптамалар арқылы сатуды жоспарлады.
-Кәмелетке толмаған жұмыс үшін төлемді банктік шотқа алуды жоспарлады. Күдікті бәрін мойындап, ақша тапқысы келетінін түсіндірді. Есірткі заттарын заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды, - деді Павлодар облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Тимур Қаржаубаев.
Полиция жасалған қылмыстардың барлық мән-жайларын, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға есірткі сатуға қатысы бар адамдарды анықтауға бағытталған тергеу әрекеттерін жүргізуде.
Фото: Freepik.com