Павлодарда футбол турнирінің соңы төбелеске айналған



Павлодарда әуесқой командалар арасындағы турнирдің финалдық матчында Ақсу қаласы мен Павлодар ауылының командалары кездескен. Өкінішке орай, тартысты жекпе-жектің орнына алаңда төбелес болған. Бұған ойыншылар арасындағы жанжал себеп болған. Полицияға Павлодар қаласы Майра көшесі, 49/1 үйдің жанындағы аталмыш факт бойынша шақыру келіп түскен.

 

-Жанжалға қатысушылардан полицияға арыз түскен жоқ. 1996, 1994 және 1993 жылы туған үш қатысушы құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материалдар сотқа қарау үшін жіберілді,-деп жеткізді өңірлік полиция департаментінде.

 

Бұдан бөлек, жарысты ұйымдастырушыларға қатысты спорттық іс-шараны өткізу тәртібін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 488-1-бабы бойынша жауапкершілікке тарту үшін материалдар "Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" ММ-не жіберілген.