Павлодарда интернет арқылы алаяқтық жасаған қылмыстық топ ұсталды

Қылмыстық топ ақпан айында полиция қолына түскен екен. Павлодардағы екі жас жігіт негізгі күдіктілер болып табылады. Олар интернет-алаяқтықтық бірегей схемасын ұйымдастырған.

 

-Екі күдікті жігіт Павлодар облысында баспанАсы жоқ, алкогольге тәуелді ер адамдарды тауып, оларға банк карталарын жасатқан. Соның арқасында ғаламторда астық, мал азығы, шаруашылыққа қажетті техника сату жөнінде жалған жарнама жариялаған. Жалпы 125 жәбірленуші белгілі. Мысалы, Қарағандыдағы азаматтарға ешқайда жоқ тракторды, 10 миллион теңгеден астам қаражатқа сатып, алдаған,-деді

Павлодар облысы ПД киберқылмыспен күрес жөніндегі бөлімнің жедел уәкілі Аман Әубәкіров.

 

Қазіргі таңда ұйымдасқан қылмыстық топ қамауға алынып, жақын арада тергеу материалдары сотқа жолданбақ. Келтірілген залал 100 мыңнан 14 миллион теңгеге дейін жетеді. Қазір интернет алаяқтардың құрбандары анықталуда. Полиция мәлім еткендей, осы күні өңірдегі барлық қылмыстық 50%-ы ғаламтор арқылы жасалуда.