Павлодарда инватакси қызметіндегі өрескел қателіктер анықталды

 

 

Павлодарлық прокуратура кінәлі тұлғалар жазаға тартылғанын хабарлады дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Әлеуметтік осал тұлғаларға қатысты қызмет көрсетудегі өрескел бұзушылықтарды қалалық прокуратура анықтаған.

 

-Инватакси автокөліктерде тұтқалар мен мүгедектер арбасын бекітуге арналған құралдар болмаған, жеткізушінің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі расталмаған. Қадағалау актісі бойынша бұзушылықтар жойылды, кінәлі тұлғалар жазаға тартылып, мүгедектігі бар тұлғалардың құқықтары қалпына келтірілді,-деді Павлодар облысының прокуратурасы баспасөз қызметінде.

Фото: Freepik.com