Павлодарда итін тұмылдырықсыз серуендеткен иесіне айыппұл салынды

 



Полиция үй жануарларын ұстау ережелерін бұзудың жүзден аса фактісін тіркеді деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

Павлодар қаласы тұрғындары ит ұстаған көршілерінің заң бұзушылықтары жайлы тәртіп сақшыларына жиі жүгінуге мәжбүр.

-Полицияға Айманов 15 мекенжайы тұрғындарынан хабарлама келді. Балалар алаңында әйел адам итпен тұмылдырықсыз серуендеп жүрген. Сол сияқты тұрғындар №10 және №28-мектептердің аумағында иттер жүргенін жеткізді. Сол күні облыстың екі тұрғынын ит қауып алғаны туралы хабарлама түсті. Бірінші жағдайда Петренко көшесінде ит қызды тістеп алса, дәл сондай жағдай Екібастұзда да тіркелді. Үй жануарлары иелерінің әрқайсысына 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – деді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Руфат Кенжин.

Полиция департаменті ақпараты бойынша, жыл басынан бері Павлодар облысында 127 ит иесі жануарларға қарау саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

 

Фото: Freepik.com