Павлодарда көліктен заттар ұрлау жиілеген
Павлодар облысында жыл басынан бері көлік пен онда қалған заттарды ұрлау өскен деп хабарлайды irbistv.kz.
Полицияның ақпараты бойынша қылмыскерлер жүргізушілердің қамсыздығын пайдаланып, көлік ішіне кіреді. Адамдар машинасына кілт салмай, құнды заттарды көрінетін орынға қалдырады. Қаскүнемдер автомагнитола, аккумулятор, телефон және ақша ұрлайды екен.
-Көлікті жауып, терезесі мен люктерін соңына дейін көтеру керек. Кілтті тіпті аз уақытқа қалдыруға болмайды. Қосымша кілтті машинаға жасырмаңыз. Көлікті үнемі жарықтандырылған орындарға қойыңыз, - деп кеңес береді Павлодар облысы полиция департаментінде.
Полицияның мәліметі бойынша аймағымызда жыл басынан бері көлік ұрлаудың 23 дерегі тіркелген.
Фото: Freepik.com
