Павлодарда кардиоорталықта өрт шығып, 30 қызметкер эвакуацияланды
Мекемеден 30 қызметкер өз бетінше қауіпсіз жерге шығып үлгерген, деп хабарлайды irbistv.kz.
Төтенше оқиға Ткачев көшесінде орналасқан ғимаратта болды. Екінші қабаттағы техникалық бөлмеде, атап айтқанда электр қалқанында тұрған аккумуляторлар жанған.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндіру жасақтары жалынды тез арада сөндіріп, өршуіне жол бермеді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

