Павлодарда кезекті мас жүргізуші жазаланды

 

 

Алкоголь ішкен күйде көлік тізгіндеген бұзушы қамауға алынып, жүргізуші куәлігінен айырылды дейді irbistv.kz тілшісі


Павлодардағы Абай көшесінде, түнгі уақытта полиция қызметкерлері Lexus LX570 автокөлігінің жүргізушісін тоқтатты. Әңгіме барысында одан алкогольдің өткір иісі шықты.

 

- Медициналық куәландыру жүргізушінің орташа мас күйінде екенін көрсетті. Көлік құралын мас күйінде жүргізгені үшін жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қозғалды. Авто айып тұрағына орналастырылды. Сот мас жүргізушіні 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырып, 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алды, - деді Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Айдар Сламбеков.


Павлодар облысында жыл басынан бері мас күйінде автокөлікті жүргізген 787 жүргізуші ұсталды. Мас жүргізушілердің кінәсінен өңірде 6 ЖКО тіркелді, соның салдарынан 9 адам зардап шекті.

 

Фото: Облыстық ПД