Павлодарда колледж студенті мұғалімге пышақ сұққан

Павлодарда мұғалімге пышақ сұққан студент қамауға алынды деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Павлодар облысы білім беру саласында жасөспірімнің пышақ сілтеуінің тағы бір жағдайы орын алды. Осы жолы бұндай әрекетке колледж студенті барған.

 

-18 қыркүйекте Павлодардағы колледждің 2007 жылғы студенті Павлов көшесіндегі үйдің ауласында мұғалімге пышақ жарақатын салған. Нәтижесінде оған медициналық көмек көрсетілді, қазіргі уақытта жағдайы қанағаттанарлық, – деп хабарлады облыстық білім беру басқармасы.

 

Өз кезегінде, колледж басшылығы төтенше жағдайға қатысты шара қолданылғанын айтты.

 

-Осы факті бойынша тәртіп сақшылары күдікті студентті ұстады. Тексеріс жүргізілуде. Қауіпсіздік мәселелері бойынша білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесу өтті, –деп түсіндірді облыстық білім беру басқармасында.

 

Фото: Freepik.com