• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодарда күзетшіні қағып кеткен КамАз жүргізушісі бас бостандығынан айырылды

Павлодарда күзетшіні қағып кеткен КамАз жүргізушісі бас бостандығынан айырылды

Сол кезде онда асфальт төсеп жатқан. Камаз жүргізушісі артқы жағымен құм төгем деп жаяу адамды байқамай қалған. Нәтижесінде күзетші алған жарақаттан сол жерде көз жұмды. Кінәлі ісін мойындағанымен сотқа келмеді. Сол себепті қылмыстық істі ұзақ уақыт қарай алмады. Кейін оған тіпті іздеу жариялады.

- Ол сот үкімімен абайсызда адам өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу фактісі бойынша кінәлі деп танылып, 2,6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Тағайындалған жазаны қауіпсіздігі барынша төмен қылмыстық атқару жүйесі мекемесінде өтеуі белгіленді. Сондай-ақ 5 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айрылды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ, - деді Павлодар қаласы 2-сотының баспасөз хатшысы Гүлсім Ахтаева.

Жұмыс беруші мен айыпталушы сот тергеулері басталғанға дейін марқұмның отбасысына 730 мың теңге төледі. Енді ер адам сот шешім бойынша көз жұмған ер адамның қызына 2 миллион теңге төлейді.

 

Авторы: Бибінұр Хамитқызы