Павлодарда көлік терезелерін қараңғылаған жүргізушілер жауапқа тартылды
Полиция қызметкерлері Назарбаев даңғылында алдыңғы әйнектері қараңғыланған бірнеше автокөлікті тоқтатты, деп хабарлайды irbistv.kz.
Жыл басынан бері облыс аумағында осындай 9 554 құқық бұзушылық тіркелді.
-Павлодар қаласындағы кезекті шара барысында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Назарбаев даңғылының бойында алдыңғы бүйір әйнектеріне белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін қараңғылағыш жабын жапсырылған бірнеше автокөлікті тоқтатты, — деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.
Жүргізушілер техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін көлік құралдарын басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Фото: magnific.com

