• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодарда көлік тізгінінде телефонмен сөйлескен жүргізуші айыппұл арқалады

Павлодарда көлік тізгінінде телефонмен сөйлескен жүргізуші айыппұл арқалады

 

 

Жолда келе жатып, телефонмен сөйлескен жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Павлодар қаласында Назарбаев даңғылындағы полиция қызметкерлері рөлде отырған бір жүргізушіні тоқтатқан.

 

-Ер адам өзінің бұзушылығын мойындады және келесідей түсіндірді: маңызды қоңырау болды, жауап беруге тура келді деді. Бірақ бұл оны ақтамайды, кез келген жағдайда тоқтаған немесе динамик орнатқан дұрыс. Бұл құқық бұзушылық үшін рөлде сөйлескенді ұнататын адамға айыппұл төлеуге тура келді, – дейді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

 

Телефонмен сөйлескен жүргізушіге 18 мың теңгеден астам айыппұл қарастырылған.

 

Полицелелердің айтуынша, 2024 жылы облыс жолдарында осындай 1871 мыңнан астам жүргізуші ұсталды.

 

Фото: Freepik.com