• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодарда көлікті мас күйінде әрі куәліксіз жүргізген ер адам қамалды

Павлодарда көлікті мас күйінде әрі куәліксіз жүргізген ер адам қамалды

Павлодар ауданындағы ауылдардың бірінде тұртатын 45 жастағы ер адам кінәлі деп танылып, бір жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды irbistv.kz.

 

Сотта қылмыстық іс көлік құралын басқару құқығынан айырылған және масаң күйде рөлге отырған жүргізушіге қатысты қаралды. Полиция қызметкерлері ер адамды Новочерноярка ауылында тоқтатып, оның сау екендігіне күмәнданған. Кейін жүргізілген медициналық куәландыру оның мас екенін растады. Айта кетейік, 2022 жылы бұл азамат дәл осындай құқық бұзушылығы үшін 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылған болатын.

 

-ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, қауіпсіздігі барынша төмен қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын, — делінген Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімінде.


Фото: Freepik.com