Павлодарда лаңкестікке қарсы оқу жаттығу шаралары өтуде

 

 

Оқу-жаттығу терроризм актілерінің алдын алуға және оның салдарын жоюға бағытталған, деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Павлодар облысы терроризмге қарсы штабының мәліметінше, бүгін,18 сәуір күні Естай атындағы мәдениет сарайы (Конституция алаңы, 1) аумағында сағат 17:00 мен 19:00 аралығында терроризм актілерінің алдын алуға және оның салдарын жоюға бағытталған жоспарлы антитеррористтік оқу-жаттығу өтеді.

 

–Іс-шараның мақсаты – терроризмге қарсы күрес жөніндегі Павлодар жедел штабы күштері мен құралдарының өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға дайындығын тексеру, – деп жазылған хабарламада.

 

Азаматтарды сабыр сақтауға шақырып, оқу-жаттығуларға қатысатын құқық қорғау органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауларын сұрайды.

Біле тұра жалған ақпарат таратудың ҚР ҚК 274-бабымен көзделген қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.

 

фото: ҰҚК