Павлодарда мас күйде көлік басқарған ер адам ұсталды

 

 

Жүргізуші көлік шамдарын сөндіріп жүріп, бұл қылығымен полицияның көзіне түскен деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Павлодарда «Қауіпті жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері күдік тудырған «Тойота» автокөлігін тоқтатқан. Жүргізуші көше бойында шамдарын сөндіріп қозғалған.

 

-Әңгімелесу кезінде өз-өзін дұрыс ұстамай, түсініксіз жауап берді. Медициналық куәландыру нәтижесі оның мас күйде болғанын растады. Аталған құқықбұзушылық бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, көлік арнайы тұраққа қойылды. Материал сотқа жолданды, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД.