• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодарда мас жүргізуші полицияны көргенде жолаушымен орнын ауыстырған

Павлодарда мас жүргізуші полицияны көргенде жолаушымен орнын ауыстырған


Осылайша, жол ережесін бұзушы жауапкершіліктен құтылғысы келген дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Назарбаев көшесі 31/1 бойынша патрульдеу барысында Павлодар қаласының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол жүру ережелерін бұзған Toyota Noah автокөлігін тоқтатты.

 

-Полицейлерді көргенде жүргізуші жолаушымен орнын ауыстырып, полиция қызметкерлерін осы көліктің жолаушысы екеніне сендіруден артық ештеңе ойлап тапқан жоқ. Mедициналық куәландыруға сәйкес, жүргізуші мас күйінде болған. Алаяқ мас күйінде көлік жүргізу бойынша жауапқа тартылып, сот оған 15 күндік әкімшілік қамауға алуды тағайындады және 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырды,-деді облыстық ПД.

 

Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды.