Павлодарда мас жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды
Медициналық куәландырудан кейін әйел әкімшілік қамаққа алынды деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.
Павлодарда облыс орталығының 52 жастағы тұрғыны Hyundai автокөлігін алкогольдік масаң күйде басқарған. Құқық бұзушылықты Иса Байзақов көшесінде патрульдеу кезінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері анықтады.
-Полицейлер жүргізушінің көлікті басқару мәнеріне назар аударып, автокөлікті тоқтатқан. Тексеру барысында әйелден алкогольдің өткір иісі сезілген. Медициналық куәландыру нәтижесіне сәйкес, жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Сот шешімімен әйел 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды,-деп жеткізді облыстық ПД.
