Павлодарда мейрамханада өрт шықты
Өрт сөндірушілердің жедел әрекеті арқасында сауық ғимаратындағы жалын дер кезінде ауыздықталды деп хабарлайды irbistv.kz.
Нұркин көшесіндегі Павлодар мейрамханаларының бірінде түтін шығып, хабарлама 112 пультіне қазанның 2-сі күні сағат 12:22-де келіп түсті.
-Оқиға орнына келген мамандар мейрамхананың шығару құбырындағы май шөгінділері өртенгенін анықтады. Жану аумағы 2 шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілер бірнеше минут ішінде келіп, жалынның таралуына жол бермеді. Ғимараттан 12 адам өз бетінше эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ,-деп жеткізді Павлодар облысының ТЖД
фото: Облыстық ТЖД
