• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодарда мектеп оқушыларын алып кетпек болған ер адам 10 тәулікке сотталды

Павлодарда мектеп оқушыларын алып кетпек болған ер адам 10 тәулікке сотталды

 

 

 

Еске сала кетейік, оқиға 14 қыркүйек күні Кенжекөл орта мектебінің ауласында болған еді. Ер адам 1-сыныптың екі оқушысын алып кетуге тырысқаны жөнінде жәбірленуші қыздың анасы Әсел Томатаева айтып дабыл қаққан.

 

Павлодар қалалық әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында күдікті өз кінәсін толық мойындағанын жеткізді. Оның теріс әрекеті учаскелік полиция қызметкері мен куәгерлердің айғақтарымен дәлелденген.

 

-Сот оны Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, - делінген сот хабарламасында.

 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін