Павлодарда мектепке жарылғыш зат қойылды деген хабар тарады

Павлодарда 112 пультіне белгісіз тұлға қоңырау шалып, Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің ғимаратында жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабарлаған. Білім ордасына барлық жедел қызмет өкілдері жұмылдырылып, мыңнан аса оқушы эвакуацияланды.

Анықталғандай, ақпарат жалған болып шықты. Күдікті іздестірілуде.

Б.Момышұлы атындағы мектепте бомба қойылған деген хабар 112 оператор пультіне күндізгі сағат 11.55-те келіп түскен. Тез арада білім мекемесі ішінен

1 ауысымдағы 1048 оқушы, 80-нен аса педагог пен мектеп қызметкерлері эвакуацияланды. Балалар ата-аналарына табысталып, 2 ауысымдағы сабақ онлайн кестеге аустырылды. Саперлер ғимарат ішінде біржарым сағат бойы тыңғылықты тексеріс жүргізді.

 

-Оқиға орнында саперлер жұмыс істеді, оқу орнын тексерді. Жарылғыш зат табылған жоқ. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды,-деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

 

Аталған фактіге қатысы бар адамды анықтау бойынша іс - шаралар жүргізілуде. Айту керек, терроризм актісі туралы жалған хабарлау қылмыстық құқық бұзушылық болып табылады және қылмыстық жауапкершілік ескеріледі. Бұндай әрекет үшін 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуға болады.