• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодарда Mercedes жүргізушісі жылдамдықты сағатына 126 шақырымға дейін апарған

Павлодарда Mercedes жүргізушісі жылдамдықты сағатына 126 шақырымға дейін апарған

 


Павлодардың көшелерінің бірінде Mercedes Benz көлігінің жүргізушісі жылдамдықты екі есе арттырған деп хабарлайды irbistv.kz.


Павлодардағы қозғалысы көп көшелердің бірінде полиция қызметкерлері жылдамдықты шамадан тыс арттыру дерегін тіркеді. Mercedes Benz S550 көлігінің жүргізушісі 60-пен өтетін жерден сағатына 126 шақырыммен жүрген.


- Жүргізушіге 152 мың теңгеден астам айыппұл салынды, - деп хабарлайды Павлодар облысы полиция департаменті.

 

2025 жылдың алты айында Павлодар облысында жылдамдықты арттырудың 59 мыңға жуық дерегі тіркелген. Әрбір дерек бойынша әкіммшілік хаттама толтырылды.

 

Фото: pixabay.com