Павлодарда Назарбаев даңғылында жеңіл көлік жанып кетті

 

 

 

 

«Mazda» автомобилі сәуірдің 9-ы кешке қарай өртке оранған. Бейнелер әлеуметтік желілерде жарияланды. Онда жалын шарпыған темір тұлпардың маңындағы көліктердің жақын орналасқанын аңғаруға болады. Сәйкесінше, «Toyota» маркалы автокөлік зақымданған. Өрт 5 минут ішінде сөндірілді. ТЖД ақпараты бойынша келтірілген залал мен себебі анықталуда.