• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодарда ойын приставкасын ұрлаған ер адамның бас бостандығын шектеді

Павлодарда ойын приставкасын ұрлаған ер адамның бас бостандығын шектеді

 

 

Азамат ойын приставкасын жалға алып, кейін сатып жіберген Семей тұрғынының үш жылға бостандығын шектеді. Қылмыстық істі алаяқтық дерегі бойынша қарады. Материалдардан белгілісі 32 жастағы ер адам Едіге би көшесіндегі жалдамалы пәтерде болған. Тапсырыспен виртуалды ойын көзілдірігін, кейін Sony Playstation алдыртқан. Алайда қайтаруды қаламапты. Нәтижесінде құны 600 мың теңге тұратын заттарды сатып жіберген. Жапа шегушілер полицияға жүгінді.