• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодарда оқушылар мінген автобус пен өрт сөндіру көлігінің апатынан балалар ауруханаға жүгінген

Павлодарда оқушылар мінген автобус пен өрт сөндіру көлігінің апатынан балалар ауруханаға жүгінген

Жол көлік апаты Елгин-Щедрин көшелері қиылысында түстен кейін орын алған. Өрт сөндіру көлігі мектеп автобусына соғылып, қоғамдық көлік жай тұрған жеңіл машинаны қаққан. Оқиға орнына тәртіп сақшылары да жетті. Алайда білім беру басқармасы мен құтқарушылар кімнің кінәлі екенін айтып дауласуда.

 

- Елгин-Щедрин көшелерінің қиылысында көліктің өткізгенін көріп қозғалысын жалғастырып, бағдаршамның қызыл түсіне өтеді. Алайда 43 мектептің оқушыларын әкеле жатқан мектеп автобусы дабыл бергіші мен жарықшамы қосылған арнайы техникаға жол бермей нәтижесінде екі көлік соғылады, - деді Павлодар облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің бөлім басшысы Дастан Искара.

 

 

Ал білім беру басқармасында куәгерлердің сөзіне сүйеніп, арнайы техника дабыл бергіші мен жарығын қоспаған дейді. Ал мектеп автобусы жүргізушісінің қырық жыл тәжірибесі бар екенін айтты. Куәгерлер де көргенімен бөлісуде.

 

- Мен тамақ ішіп жатқан кезде қатты дауысты естідім. Тек тарс еткен дыбысты ғана болды. Ал дабыл дауысы естілмеді, - дейді Валентина Джененина.

 

 

Білім беру басқармасының айтуынша автобуста 15 оқушы болған. 2, 5 және 43 мектептердің балалары екен. Сегізі жедел жәрдеммен келсе біреуін ата-анасы ауруханаға  өздері апарған.

 

- Облыстық балалар ауруханасына 9 бала жеткізілді. Оның үшеуі жарақат бөліміне жатқызылды. Олар 2011, 2006, 2007 жылғы. Олардың жағдайы тұрақты. Алты баланы үйге жібердік, - деді Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Буратаева.

 

 

Ал полиция департаментінде қажетті сараптама тағайындалғанын жеткізді. Апат дерегі бойынша тексеріс жүргізілуде.