Павлодарда полицейлер әйелдің басына мұз қайдан құлағанын анықтады
Жүргізілген жедел тексеру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері Павлодардағы басына мұз құлап, жарақат алған әйелге қатысты оқиғаның толық мән-жайын анықтады, деп хабарлайды irbistv.kz.
Белгілісі, оқиғаға 12 жастағы кәмелетке толмаған жасөспірім қыздың қатысы бар. Оның айтуынша, ол балконда тұрған кезде мұз кесегін сындырмақ болған. Алайда қолынан абайсызда шығып кетіп, төменге құлап, өтіп бара жатқан әйелге тиген. Оқиғадан қорыққан балалар болған жағдай туралы ересектерге айтпай, ата-аналарынан жасырған.
Баланы тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін қыздың заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ата-анасы болған жағдайды толық мойындап, өкініш білдірді, – деп хабарлады Павлодар облысының ПД.
