Павлодарда полицейлер есірткіге мас күйдегі Camry жүргізушісін ұстады

 

 

Жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан, ер адам қайтадан рөлге отырып, есірткіге мас күйде көлік басқарған, деп хабарлайды irbistv.kz.

 

Павлодар қаласындағы Мәшһүр Жүсіп көшесінде рейд жүргізу кезінде полицейлер Toyota Camry автокөлігін тоқтатқан. Жүргізушінің жолдағы әрекеті тәртіп сақшыларының күдігін тудырған. Тексеру барысында одан есірткілік масаңдық белгілері анықталған.

 

- 2026 жылдың қазан айында бұл азамат мас күйде көлік басқарғаны үшін жауапқа тартылған. Сот шешімімен ол жеті жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылған. Алайда белгіленген тыйымға қарамастан, ер адам қайтадан мас күйде рөлге отырған. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Павлодар облыстық полиция департаментінде.