Павлодарда полицейлер тұтас жолақ сызықты кесіп өткен жүргізушіні ұстады
Жол ережесін бұзған жүргізуші туралы бейне жергілікті пабликтердің бірінде пайда болды. Кадрларда көрінгендей машина иесінің басқа автоны басып озу үшін қарсы жолаққа шығып кеткенін көруге болады деп хабарлайды irbistv.kz.
Полицияда хабарлағандай жүргізуші Назарбаев даңғылында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған. Бұл деректі әлеуметтік желілерді бақылау кезінде анықтаған. Ол басқа жол қатысушысының темір тұлпарының бейне тіркегішіне жазылып қалған.
-Lada-2114 автомашинасының жүргізушісі төрт және одан да көп жолағы бар қозғалыс бағытында қарсы қозғалысқа арналған жолдың бөлігіне шығып кеткен. Жүргізуші жауапкершіліккке тартылды. Материал процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді, - деп хабарлады Павлодар облысы полицияя департаментінде.
Айта кету керек, қос тұтас сызықты кесіп өткені үшін жарты жылға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы қарастырылған. Жыл басынан бері шамамен 400 жүргізуші жауапқа тартылған.
