• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодарда пробация қызметінің бұрынғы қызметкеріне 6 миллион теңге айыппұл салды

Павлодарда пробация қызметінің бұрынғы қызметкеріне 6 миллион теңге айыппұл салды

Шартты мерзімге сотталған павлодарлық 2020 жылдың желтоқсанында тағы да қамауға алынған. Нәтижесінде ауыр баппен абақтыға тап болады. Оған пробация қызметінің аға инспекторы бас сұққан. Күдікті одан бапты жеңілдетуге көмектесуді сұрайды. Сол кезде 30 жастағы қызметкердің басына қылмыстық ой келген. Ол сотталушының анасымен кездесіп одан 200 мың теңге алып, тергеушіге беретінін айтқан. Ал мәселе шешілмеген кезде әйел сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүгініпті.

- Сот үкімімен лауазымды тұлғаға пара беруге айдап салғаны және өзінің қызмет бабын пайдалана отырып алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған пара сомасының 30 еселенген мөлшерінде яғни 6 млн түріндегі жаза тағайындалды, - дейді Павлодар қалалық 2-сотының баспасөз хатшысы ГүлсімАхтаева.

Қызметкерді ұстады, ол 200 мыңды ұсталғанға дейін қайтарған. Күдіктінің анасы бапты жеңілдетпегендіктен ақшаны кері қайтаруын сұраған. Бұл уақытта жемқорлықпен күрес мамандары қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкеріне қатысты тергеуді бастаған. Сот шешімі бойынша енді оған өмір бойына мемлекеттік қызметтік жұмыс істеуге тыйым салынды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Авторы: Бибінұр Хамитқызы.