• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодарда психотроптық және есірткі заттарының заңсыз айналымының 18 фактісі анықталды

Павлодарда психотроптық және есірткі заттарының заңсыз айналымының 18 фактісі анықталды



Өңірдегі "Дәрмек" жедел-профилактикалық іс-шаралар қорытындысы бойынша контрабандалық әкелу мен әкетуді, сондай-ақ бақылаудағы заттардың заңсыз айналымға өтіпкету фактілері анықталды дейді irbistv.kz тілшісі.

Психотроптық және есірткі заттарының заңсыз айналымының 18 фактісі, оның ішінде есірткі өткізу, фармацевтикалық қызмет қағидаларын бұзу деректері анықталған.

-Емдеу-алдын алу мекемелерін тексеру кезінде есірткі және психотроптық заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзу анықталды. Нәтижесінде 330 "морфин" ампуласы, 916
"трамадол" таблеткасы және 184 трансдермальды патч тәркіленді. Барлығы 152 килограмм айналымнан алынды, - деп хабарлады Павлодар облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша басқарма бастығы Тимур Қаржаубаев .

Сонымен қатар облыстың өнеркәсіптік объектілерінің бірінің аумағында да заң бұзушылықтар анықталды.

-Прекурсорлармен жұмыс істеу қағидаларын бұза отырып сақталған 137 тоннадан астам тұз және 14 тонна күкірт қышқылы табылды және тәркіленді. Есірткі және психотроптық заттар айналымы саласында жұмыс істейтін 46 фармацевтикалық және медициналық қызмет субъектісін, 96 дәріхананы, сондай-ақ қоймаларды, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен емдеу-алдын алу мекемелері тексерілді,-деп жеткізді Павлодар облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша басқарма бастығы Тимур Қаржаубаев .

Фото: Облыстық ПД