Павлодарда пәтер ішінде ұлыған ит иесіне айыппұл салынды

 

 

Павлодарлық көпқабатты үй пәтерінде түн ортасында ит ұлып, тыныштықты бұзғаны жайлы көршілері шағымданып, полицияға хабарлаған дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Аталмыш дерек Малайсары батыр көшесіндегі тұрғын үйде орын алған. Пәтер иесі түнгі ауысымға жұмысқа кеткенде, иті ұли бастайды екен.

-Ит иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 18 460 теңге көлемінде айыппұл салынды, - деп хабарлайды Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

 

Фото: Freepik.com