Павлодарда пәтерден өрт шығып, 3 балаға ыс тиген.

Оқиға орына жеткен мамандар 1955 жылғы пәтер иесін, 1975 жылғы оның ұлын алып шықты. Екеуіне де ыс тиген, әйел адам бірінші қалалық аурухананың терапия бөлімшесіне жатқызылса, ер адам ауыр жағдайда болғандықтан жансақтау бөліміне жіберілді.

 

Содан басқа пәтерлерден үш баланы аман алып шыққан. 2013 және 2014 жылы туылған әпкелі-сіңілілі мен басқа пәтерден 2017 жылғы балақай табылды. Олар да жеңіл дәрежеде түтінмен уланған. Барлығы облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, дәрігерлердің тексерісінен өткен. Алайда ауруханаға жатқызылмады. 

 

Жалпы аталмыш мекенжайдан 15 адам қауіпсіз жерге шығарылды, оның 7-уі бала.

 

Алдын ала болжам бойынша өрт темекі шегуде абайсыз болу салдарынан шыққан. Келтірілген шығын көлемі есептелуде.