Павлодарда сауда үйінде өрт шықты

Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.


Қыркүйекті 1-і күні Павлодар қаласында сауда үйлерінің бірінің екі қабатты ғимаратында өрт шықты. Оқиға орнына жедел өрт сөндіру қызметі жіберілді.

 

-Келген бойда газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары ғимарат ішіне кіріп, барлау жұмыстарын жүргізіп, өрт ошағын анықтады. Өрт ошағы бірінші қабатта болған. Онда алты бутикті жалын шарпыған. Өрт сөндірушілер қою түтін жағдайында жұмыс істеді. Құтқарушылар өрттің таралуына жол бермеді. Жалын оқшауланып, толықтай сөндірілді,-деп жеткізді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.