Павлодарда саяжайда марихуана шеккен ер адам қамауға алынды
Әкімшілік жауапқа тартылған қала тұрғыны кінәсін мойындады деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.
Павлодар тұрғыны сәуір айында өз саяжайының аумағында марихуана қолданғаны анықталды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес азамат каннабиноидтар қолданғаннан туындаған есірткілік масаң күйде болғандығы расталды.
-Сот талқылау барысында азамат өз кінәсін толық мойындап, тыйым салынған заттарды медициналық мақсатта емес қолданғанын растады. Істі қарау нәтижесінде сот ер адамды әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түрінде жазаны тағайындады. Қаулы заңды күшіне енді,-деп жеткізді Павлодар қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты
фото: Freepik.com