• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодарда шаруа қожалық басшылары жалған құжат жасап, мемлекетке 111 миллион теңге шығын келтірген

Павлодарда шаруа қожалық басшылары жалған құжат жасап, мемлекетке 111 миллион теңге шығын келтірген

Іс материалдары бойынша фермерлер мемлекеттік субсидия алудың қылмыстық сызбасын 2018-2019-шы жылдар аралығында қолданған. Құжаттарға сәйкес Ресейден Қазақстанға санын арттыру мақсатында ірі қара малды әкелген. Ветеринарлық сертификат дайындап, жалған келісімшарт жасаумен айналысты. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 111 миллион теңгені құрайды. Нәтижесінде шартты мерзімге жазаланды.

 

- Бірнеше қылмыстық құқық бұзушылық жасады. Сот жеңілдетілген мән-жайларды ескере отырып, шартты мерзімге жазалау шешімін қабылдады. Айыпталушылар мемлекеттке келтірілген шығын соммасын өз еркімен қайтарды. Сондай-ақ, айыпталушылардың барлығы бұрын қылмысқа тартылмаған. Кәмілет жасқа толмаған балалары бар, - деді №2 қалалық сотының судьясы Лачын Алиев. 

 

Нәтижесінде бір шаруа қожалығының басшысы 6 жылға, ал қалғандары 5 жылға шартты мерзімге жазаланды. Тағы біреуі жалған құжаттарды дайындағаны үшін 2 жылға айыпталды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.