Павлодарда шемішке қабығын лақтырған тұрғын жазаланды
Павлодар тұрғыны шемішке қабығын жерге тастағаны үшін полиция назарына ілікті. Ер адам жанында қоқыс жәшігі бола тұра, қоқыста шаша салғандеп хабарлайды irbistv.kz хабарлады.
Бейнежазбада ер адамның алаңсыз шекілдеуік шағып, қабығын жерге тастап отырғаны көрінеді. Құқық бұзушылықты жедел басқару орталығының камерасы тіркеген.
Полиция қызметкерлері ер адамның жеке басын анықтап, оны әкімшілік жауапкершілікке тартты.
- Жыл басынан бері павлодарлық полицейлер ұсақ бұзақылықтың мыңнан астам дерегін анықтап, жолын кесті. Мұндай әрбір құқық бұзушылық — жай ғана қоқыс тастау емес, қоғамдық тәртіп пен қала тұрғындарының жайлылығына қол сұғу», — деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінде.
Фото: gemini.google.com ЖИ арқылы жасалған
