Павлодарда суға кеткен 26 жасар жігіттің денесі іздестірілуде

Қайғылы оқиға, маусымның 11-і орталық жағажайда орын алды. Сүңгуірлер дереу іздеуге кірісті.

 

-Құтқарушылар Ертіс өзенінің 600 м аумағын тексеріп өткен. Жағалаудан ара қашықтық 25-30 м, судың тереңдігі 3 м құрады. Әзірге нәтижесіз. Жеке құрамнан 10 адам мен 2 сүңгуір қайық қолданылды,-деп мәлім етті ТЖД баспасөз қызметі.

 

«VITA» еріктілер жасағы іздеу шараларына студенттер мен оқытушылар жұмылдырылғанын мәлім етті.

-Суға кеткен ер адам 26 жаста болған. Ол отбасындағы жалғыз ұл, магистратураға түсуді жоспарлап жүрген. Бізге жоғары оқу орындарының оқытушылары көмек сұрап жүгінді, - дейді волонтерлер.

 

Іздеу жұмыстары жалғасуда.