Павлодарда төрт қылмыскерді ұстады
Павлодарлық полицейлер іздеуде жүрген ер адамдарды ұстады деп хабарлайды irbistv.kz.
Тәртіп сақшылары Малайсары Батыр көшесін троуылдау кезінде ер адамды тоқтатқан. Оның жеке басын анықтау кезінде ұрлық үшін іздеуде болғанын анықтаған. Ал Ткачев көшесінде алаяқтық жасаған басқа қалалықты қолға түсірді.
-Барлық тұлғалар әрі қарай тергеу үшін полиция бөліміне жеткізілді, - деп хабарлайды Павлодар облысы полиция департаментінде.
Полицейлер екі күн ішінде аймағымызда төрт қылмыскерді қолға түсірген.
Фото: Freepik.com
